БАҚҰЛ БОЛ, ДОС
(Ермұрат Зейіпханұлының қазасына)
…Тірлік солай тәмамдалады екен ғой,
Ғаріп дүние қаран қалады екен ғой.
Ажал деген өле сүйген өмірді
Адамды алады екен ғой.
Охо, менің ай маңдайым, айбатым,
Жүрек тынып, сарқылды ма қайратың.
Саңырауға сәуле құйған қайда саз,
Бәйге атындай аласұрған қайда ақын?!
Ей, Алатау, білесің сен,
Білесің!
Бәсірелеп бердің қанша үлесін?!
Сені ол құсап сүйе алмайды ешкім де,
Сүйе алмайды күндей көркем Күнесін.
Алау-жалау өрттей болып реңі,
Әлде қайда асығыстау жүр еді.
Қақ бөлінген даласындай қазақтың
Қақ бөлініп кеткен шығар жүрегі
Жанын жайып тұратұғын жанармен,
Бақұл бол, дос,
Басқа сөзден не дәрмен.
Сені ораған ақ кебіннің ішінде
Өзім кетіп баратқандай болам мен…
24.06.2011 ж.